Kazakh Invest шетел инвесторларына Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарының мүмкіндіктерін таныстырды

06 қазан 2017, 14:40

Бүгін, 6 қазанда «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы роуд-шоу аясында шетелдік және отандық бизнес қауымдастық өкілдері үшін қазақстандық арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) мүмкіндіктерін таныстырды.

Іс-шараға ҚР Үкіметінің, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының өкілдері, қазақстандық және шетел бизнесмендері, халықаралық сарапшылар, шетелдік мемлекеттердің АЭА басшылары қатысты.

Роуд-шоу бағдарламасына бизнес-форум кіреді, онда Қазақстанның инвестициялық ахуалын таныстыру өтті, ҚР-ның әрбір АЭА-ның қызметі мен мүмкіндіктері, резиденттердің ерекше шарттары және олардың табысты іске асырылған жобалары туралы мәліметтер берілді. Бұдан өзге, бірқатар B2B кездесулер өтті.   

Форумға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев, Әзірбайжан, Түркия, Иран, Литва елдерінің бас консулдары қатысты.

Құттықтау сөзінде Kаzakh Invest төрағасының орынбасары Біржан Канешев роуд-шоу өткізудің басты міндеттері мен мақсаттары туралы айтып берді.

«Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр және бір жағынан АЭА/ИА басқарушы компаниялары, АЭА резиденттері және құзыретті мемлекеттік органдар мен екінші жағынан әлеуетті инвесторлардың арасында тікелей келіссөздер жүргізуге арналған алаң болып табылады. Мұндай іс-шаралар еліміздегі арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіруге мүмкіндік береді», — деді Б. Канешев.

Сонымен қатар, ол таяу кезеңге Kаzakh Invest-тің басты міндеті — тікелей шетел инвестицияларын (ТҰК және зәкірлі жобалар) тарту және ұстап тұру, сондай-ақ бұл компаниялардың капиталдарын Қазақстан экономикасына қайта инвестициялау үшін жағдай жасау екенін айтты.

Айта кеткен жөн, АЭА әлемдік практикаға және елдердің тәжірибесіне салыстырмалы түрде бұрыннан енген, ол жақта олар қалыпты жағдай ғана емес, сондай-ақ мемлекетке және инвестициялық ахуалды дамытуға елеулі пайда әкеледі.

Мәлім болғандай, өңірлерді жедел дамытуды, инвестицялар, технологиялар тартуды жандандыру, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістер құру мақсатында ҚР-да Мемлекет басшысының Жарлығымен он АЭА құрылды.

Форум алаңында Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Тараз, Павлодар қалаларының АЭА-лары таныстырылды.

Айта кетер болсақ, өңірлерді кластерлік дамыту мақсатында АЭА түрлі салалық бағыттылыққа ие. Мысалға, «Оңтүстік» АЭА тоқыма саласына, «ИТП» АЭА ақпараттық технологияларға, ал «Павлодар» және «Атырау» АЭА-лары химия мен мұнай химиясына бағытталған.

«Kazakh Invest» ҰК АЭА дамыту департаментінің басқарушы директоры Еркежан Әмірханов өз сөзінде атап өткендей, бүгін АЭА аумағында шамамен 160 инвестжоба іске асырылған, олардың 20% шетелдік. АЭА ауағында 11 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне Түркия, Сауд Арабиясы, Малайзия, АҚШ, Венгрия және басқа да елдерден келген қонақтар қызығушылық танытты. Олар отандық компаниялармен бизнес-байланыс орнатты және алда ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Анықтама:

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ – ҚР-ға инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық агенттік, ол «бір терезе» қағидасы бойынша идеялардан бастап жүзеге асырылғанға дейін  инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетулердің толық спектрін қамтамасыз етеді және ҚР АЭА бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет етеді.

Ұлттық компания инвестжобалардың перспективалары мен іске асыру шарттарын талқылау кезінде ҚР Үкіметінің мүддесін қорғайтын бірыңғай келіссөз жүргізушінің рөлін атқарады.

1/5
2/5
3/5
4/5
5/5