Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Экспо-2017» С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттеріне халықаралық жетекші ЖОО-лармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді — Г. Ахметова

09 қазан 2017, 13:30
Фото: PrimeMinister.kz

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Павлодар облысында қолдану үшін «Экспо-2017» бірқатар перспективалы технологияларын іріктеді. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ЖОО ректоры Гаухар Ахметова хабарлады.

ПМУ ректоры «Экспо-2017» көрмесінде университет ғалымдары табиғи ресурстарды рационалды пайдалану және жаңа, баламалы энергия көздерін қолдану бойынша 15 инновациялық жұмысты ұсынғанын мәлімдеді.

Көрме аясында Нанкин университетімен өзара бағдарламаларды іске асыру бойынша келісім жасалды. Ғылыми-білім беру алмасуы аясында студенттер тағылымдамадан және іс-тәжірибеден өту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу, техникалық бағыт және халықаралық бизнес бойынша халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу мүмкіндігіне ие болады.  

Университет ғалымдары Павлодар облысының мекемелері мен кәсіпорындарына енгізу үшін «Экспо-2017» бірқатар жобаларын ұсынды, олардың ішінде: жел энергетика қондырғысы (Германия), жел генераторы қондырғысы (Түркия), сондай-ақ «Көгілдір көмір» технологиясы (Польша).

Бұдан өзге, университет тағы екі жобаны іске асырады: көшені жарықтандыру мен фермерлік шаруашылықта кеңінен қолданысқа ие бола алатын күн батареяларымен жұмыс істейтін дербес шырағдандар (Үндістан), сондай-ақ электр энергиясын әзірлеу үшін жаяу жүргінші плиталарын пайдалану бойынша жоба (Ұлыбритания). Жүйені автомагистральдар мен ірі инфрақұрылымдық нысандарға кірме жолдарға орнатуға болады.

Аталған жұмыстардың технологиялары «Жас ғалым» студенттік ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында зерттеледі және келешекте Павлодар облысының әкімдігінің жәрдемдесуімен университетті коммерциялау кеңсесі дамытады және ілгерілетеді.   

Сондай-ақ, университеттің 82 студентінің көрмеге еріктілер ретінде қатысқаны атап өтілді, соның арқасында тілдік құзыреттерін сапалы жақсартты, икемділік пен ойлау жасампаздығын, баламалы энергетика саласындағы бірегей технологиялық жетістіктермен танысу арқылы түрлі ғылыми бағыттардағы зияткерлік әлеуетті дамыта алды. 

1/2
2/2