Қазақстандық инноваторлар «Экспо-2017» көрмесіне қатысу үшін 600-ден астам жоба жіберді — Е. Абақанов

13 қазан 2017, 12:00
Фото: PrimeMinister.kz

Халықаралық «Экспо-2017» көрмесін өткізу қазақстандық экономиканы жасыл трансформациялауға серпін берді. Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР энергия тиімділігі және ресурстарды үнемдеу қоғамдық палатасының басқарма төрағасы Елдос Абақанов осындай пікір білдірді.

Елдос Абақанов «Экспо-2017» өткізу қазақстандық экономиканы жасыл трансформациялауға серпін бергенін, ал Қазақстанның осы саладағы негіз құраушы бастамалары, оның ішінде елдің жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдама мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы 2050 жылға дейінгі дамудың векторын айқындады.

Қазақстанның қоғамдық ұйымдары соңғы жылдары бірқатар іс-шаралар өткізді және «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбын ашатын көптеген жобаларды жүзеге асырды. Тек 2017 жылдың өзінде Қоғамдық палата серіктестермен бірге төрт негізгі бағыт бойынша шамамен 20 жобаны іске асырды.     

Біріншісі — тәжірибе жинақтау және беруге арналған жасыл экономиканың көрсету алаңдарын құру. Бұл бағыттағы зәкірлі жобалардың бірі Арнасай алғашқы «жасыл» ауылын құру болды, онда жергілікті тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін үздік технологиялар мен практикалар енгізілді.

Бүгінгі таңда Арнасай ауылының жасыл инфрақұрылымы орта мектептен, «Арнасай» жасыл технологиялар орталығынан және басқаларынан тұрады.

Атап айтқанда, базасында 35 жасыл технология дамытылған «Арнасай» технологиялар орталығында 2015-2017 жылдары жасыл бизнесті жүргізу негіздерін, арнайы технологияларды пайдалануды оқытудан жеті мыңнан астам қазақстандық өтті.   

Екінші бағыт — отандық новаторлар мен өнертапқыштарды қолдау. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін инновациялық жобаларды анықтау және тираждау бойынша «Онлайн Экспо-2017» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 600-ден астам өтінім тапсырылды, Топ-50 технология әзірленді, ал соңында бес шешім «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетілді.

Тұрақтылық пен новаторларды әрі қарай қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдар елдің трансферттік әлеуетін дамыту үшін Коммерцияландыру кеңсесін құрды. Кеңсе аясында ғалымдар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, жобаларды техникалық сараптау, сондай-ақ оларды ілгерілету тұрғысынан қолдауға ие бола алады.

Үшінші бағыт — жастарды «Экспо-2017» тақырыбына тарту. Мұндай жобаларға халықаралық, экологиялық, этнографиялық және зияткерлік демалысты дамыту мен тәжірибе алмасу мақсатында Арнасайда Expo-Camp жастардың жасыл лагерін құруды жатқызуға болады. 2017 жылдың маусымынан бастап тамызға дейінгі аралықта лагерьдің жұмысына елдің барлық өңірлерінен мыңнан астам бала қатысты.

Сондай-ақ, ҚР энергетика министрлігі мен БҰҰДБ серіктестігі аясында биыл қаңтарда жастар арасындағы «Менің жасыл Қазақстаным» республикалық байқауы бастау алды. Оның негізгі міндеті жастарды Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі бойынша Тұжырымдамасын іске асыруды кеңінен баяндауға жастарды тарту, жасыл технологиялар мен энергияның жаңғыртылатын көздерін ілгерілету және қолдану болды.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Шарттарға сәйкес қатысушыларға өңірде, кәсіпорында, шаруашылықта және тұрмыста қолданылатын жасыл технологияларды немесе энергияның жаңғыртылатын көздерін пайдалану туралы бейнеролик түсіру қажет болды. Байқауға қатысушылар шамамен 200 бейнеролик тапсырды, олардың ішінен комиссия еліміздің барлық өңірлерінен 16 жеңімпазды іріктеді.

Соңғы бағыт — Жасыл экономика тұжырымдамасын институционалдық дамыту. Бұл бағытта НҚА жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі, жасыл технологиялар тізілімі жасалды. 

1/2
2/2