«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Атырау облысында жаңа шағын аудандар салынады

20 қазан 2017, 13:30
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы аясында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуы туралы айтып берді.

Н. Ноғаев айтып өткендей, «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі жеке тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады. Осылайша, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 2017 жылы облыста 11,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен — 1,9 млрд теңге.

Атырау қаласының жеке тұрғын үй құрылысының бірыңғай сәулеттік сипатын қалыптастыру мақсатында әкімдік жүргізілген инженерлік коммуникациялары бар 400 жер телімін әзірледі. Қазіргі уақытта 80 тұрғын үйдің жобалық құжаттамасын әзірлеу жүргізіліп жатыр. Құрылысты биыл ІV тоқсанда бастау жоспарланған.

«Қазір сәйкес орталық мемлекеттік органдармен аталған бағдарламаны іске асыру үшін инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу туралы мәселе шешіліп жатыр», — деп толықтырды облыс әкімі.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру аясында өңірде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ауданы 135,6 мың м² 675 пәтер болатын 13 үй пайдалануға берілетінін хабарлады. Бұдан өзге, несиелік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр — жалпы ауданы 92,3 мың м² 1332 пәтер болатын 24 үй.

Барлығы Атырау облысында 2017 жылы 487,9 мың м² тұрғын үй ауданы салынды және пайдалануға берілді.

1/2
2/2