Бақытжан Сағынтаев DFJ венчурлік компаниясының тең құрылтайшысы Тимоти Дрейпермен кездесті

20 қазан 2017, 15:30
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Draper Fisher Jurvetson (DFJ) венчурлік компаниясының тең құрылтайшысы Тимоти Дрейпермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында ынтымақтастық орнату, атап айтқанда Астанадағы халықаралық стартап-хаб жұмысындағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаевтың Сан-Франциско қаласына (Америка Құрама Штаттары) Кремний алқабына жұмыс сапары аясында жасалған келісімдердің іске асырылу барысы қаралды.

Еске салсақ, DFJ технологиялар саласындағы ерте кезеңдегі және өсу кезеңіндегі жобаларға инвестицияларға бағдарланған.