Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында нарықтық бағадан 20-30% арзан тұрғын үй құрылысы басталды

23 қазан 2017, 13:45
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Мархабат Жайымбетовтың қатысуымен брифинг өтті.

Мархабат Жайымбетов атап өткендей, ҚР Үкіметі отырысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселе қаралды. Тоғыз айдың қорытындысы жасалды, сондай-ақ бағдарламаны іске асырудың кейбір тетіктері өзектендірілді.

М. Жайымбетов облыс орталықтарында пилоттық режимде тұрғын үй құны бір шаршы метрге 120 мың теңге болатын коттедж қалашықтарының құрылысы басталғанын хабарлады.

«Нарықта мұндай бағалар жоқ. Ол нарықтағы бағадан 20-30% төмен. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау», — деді М. Жайымбетов.

Мұндай үйлерден жаңа тұрғын үйді ТҚЖБ арқылы, сондай-ақ ЕДБ арқылы сатып алуға болады. Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік бюджет есебінен 22 мыңнан астам несиелік тұрғын үй бірлігі салынатыны атап өтілді. Бұл жылжымайтын мүлік бір шаршы метріне 140-180 мың теңге бағамен сатылады.  

Сондай-ақ, ҚР ИДМ өкілі ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа тұрғын үй құрылысы бойынша жоспар орындалатынын сеніммен айтты.

Еске салсақ, бүгін ҚР Үкіметі отрысының аясында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында 10 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға беретінін жеткізді. 2017 жылғы 9 айда 7,9 млн м2 тұрғын үй салынды.

1/2
2/2