Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда өнеркәсіптің түрлі салаларында моделдік цифрлық фабрикалар пайда болады

31 қазан 2017, 13:15
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов өнеркәсіпті цифрландыру бастамаларының бірі — моделдік цифрлық фабрикалар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстанда Индустрия 4.0 технологияларын енгізуді дәріптеу үшін және цифрлық жобаларды іске асыруда бизнеске жәрдемдесу үшін моделдік цифрлық фабрикалар құрылады. Олар цифрлық технологиялардың демонстрациялық алаңдарына айналады.

«Біз жыл соңына дейін өнеркәсіптің түрлі салаларынан жеті кәсіпорынды іріктеп алуды көздеп отырмыз. 2018 жылы сол таңдалып алынған жеті кәсіпорын бойынша кешенді технологиялық аудит жүргіземіз, оның аясында іріктеліп алынған кәсіпорындардың Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге қаншалықты дайын екенін анықтаймыз», — деп түсіндіріп өтті Б. Бекенов.

Одан кейін, аталған жұмыстың қорытындысы бойынша ҚР ИДМ кәсіпорындармен бірлесіп жол картасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Онда Индустрия 4.0 элементтерін өнеркәсіптік кәсіпорындарда енгізудің және қолдау көрсетудің барлық қажетті шаралары жазылады.

«Бұл жұмыс бізге өнеркәсіпке цифрлық технологияларды енгізу тәсілін көрсетуге, сондай-ақ отандық мамандарымыздың құзыретін арттыруға жол ашады. Индустрия 4.0-ді өнеркәсіпке енгізу үшін қандай шешім жолдарын әзірлеу керек екенін айқындай аламыз», — деп түйіндеді Б. Бекенов.

Еске сала кетейік, бүгін Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында тау-кен өндіру өнеркәсібін цифрландыру жұмыстарының барысы қаралды, сондай-ақ көлік пен логистикада цифрлық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

1/3
2/3
3/3