ҚР Президенті Сауд Арабиясының энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті

03 қараша 2017, 17:35
Фото: akorda.kz

Кездесуде Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың маңызды екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор. Биыл мен Эр-Риядқа сапармен бардым», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Халид әл-Фалих кездесуге және энергетика саласындағы қазіргі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.