Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев АӨК дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

10 қараша 2017, 17:18
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында мемлекеттік агроөнеркәсіп саясатын жетілдіру, сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-тің басым бағыттарын дамыту карталары қаралды.

Анықтама: Карталар 13 бағыт бойынша әзірленді:

  • ауыл шаруашылығы кооперациясы;

  • аграрлық қайта өңдеу;

  • АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру;

  • тұқым шаруашылығы;

  • фитосанитарлық іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

  • агрохимия; жемшөп өндіру (жемшөп теңгерімі);

  • көтерме-үлестіру орталықтары;

  • егіндікті айналымға тарту;

  • отарлы қой шаруашылығы;

  • аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту; 

  • сиыр еті өндірісі; 

  • мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.