Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Н. Назарбаев Түркия, Чехия және Словенияның бұрынғы президенттерімен кездесті

14 қараша 2017, 09:25
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен, Чехия Республикасының бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Словения Республикасының бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті.

Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды.

Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Словения Республикасының бұрынғы президентімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Данило Тюркке Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Өз тарапынан Д. Тюрк Қазақстан Президентіне елімізге тағы бір мәрте келуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, оның Астанаға жасаған өткен сапарлары барысындағы өзара іс-қимыл нәтижелері жемісті болғанын атап өтті.

Словения Республикасының бұрынғы Президенті Астана процесі аясында өтіп жатқан Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің маңыздылығын айтып, Қазақстанның халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына белсенді атсалысқанына назар аударды.