Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

АӨК-ні мемлекеттік қолдау аясында субсидиялаудан жеңілдікті несиелендіруге көшу жоспары бекітілді — АШМ

14 қараша 2017, 15:08
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифингте ауыл шаруашылығы вице-министрлері АӨК-ні мемлекеттік қолдау тетіктері, субсидиялаудан жеңілдікті несиелендіруге көшу жоспары, өзіндік қосалқы шаруашылықтар туралы жаңа заң жобасын әзірлеу туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірлегенін айтты.

Аграрлық ғылымды жаңғырту картасы жобасында субсидиялаудан жеңілдікті несиелендіруге көшудің кезеңдік жоспары бекітілген. Осылайша, субсидиялаудың тиімділігін арттыру және АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды арттыру мақсатында биыл субсидияның 65 түрі қайта қаралды. 11 тиімсіз субсидия алып тасталды, 40-ы бойынша — критерийлер өзгертілді.

Екінші кезең аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді барынша қамтумен субсидиядан қолжетімді және қайтарымды несиелендіруге көшу мәселесі пысықталуда. Несиемен алмастыру үшін субсидияның 15 түрі алдын ала анықталған. Оған қоса, жыл сайын 24 млрд теңге босатылады.    

Еске салсақ, бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі алдағы шаралар қайта қаралды.