Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Болат Ақшолақов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

28 қараша 2017, 17:16

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақшолақов Болат Оралұлы ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.  

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

1995–1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997–2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.

2003–2006 жылдар аралығында — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008–2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен. 2012–2014 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап — «AlmexPetrochemical» ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап — «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

«Құрмет» орденімен марапатталған.