Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Еркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды

04 желтоқсан 2017, 16:30

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Еркін Оңғарбаев 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әр жылдары мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында түрлі қызметтер атқарды.

2007 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне төрағалық етті. Сондай-ақ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ атқарушы директоры, «Астана» университетінің ректоры, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры қызметтерін атқарды.

2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып келді.

Заң ғылымдарының докторы ғылыми атағының иесі, «Құрмет» ордені мен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері.