Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында ірі инвесторлармен екіжақты кездесулер өткізді

05 желтоқсан 2017, 18:56
Фото: primeminister.kz

Бүгін «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қазақстандық кәсіпорындармен бірлескен қызметті табысты дамытып отырған ірі инвестициялық компаниялардың басшыларымен, форум қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Олардың ішінде Tokyo Rope Manufacturing Co. компаниясының бірінші вице-президенті Козунори Сатомен, Aberdeen Standard Life компаниясының стратегиялық клиенттерінің жаһандық жетекшісі Джон Кэмпбеллмен, AVM Ayakkabi компаниясының басқарма төрағасы, Анатолиялық кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті және түрік аяқ-киім өнеркәсібі қауымдастығының басқарма мүшесі Бекір Айдынмен, Carmeuse Europe компаниясының бас директоры Андре Жакмартпен және «Русал» компаниясының бас директоры Владислав Соловьевпен кездесу өткізді.

Кездесулер барысында энергетика, химия өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндіріс, құрылыс, машина жасау салаларында, мұнай-газ, тау-кен және металлургия, ауыл шаруашылығының өндіріс компоненттерін шығару бойынша бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Форум қатысушылары, сондай-ақ, жалпы әлемдік экономика мен Қазақстандағы экономикалық реформаларды дамытудың бірқатар бағыттары туралы пікір алмасты.

1/4
2/4
3/4
4/4