Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумының қатысушыларымен ИИДМБ жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

05 желтоқсан 2017, 19:10
Фото: primeminister.kz

Бүгін Kazakhstan Global Investment Roundtable форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Railways KEC International Ltd. компаниясының атқарушы директоры Ракеш Гаурмен, Mitsui & Co. компаниясының бас директоры Тошиаки Маруокамен, Kibar Holding компаниясының басқарма мүшесі және бас директоры Керем Кибармен және «Ресей темір жолы» ААҚ вице-президенті Александр Мишаринмен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында көлік және логистикалық инфрақұрылым, сумен жабдықтау, энергетика және өзге де салалар секілді Қазақстан экономикасының басым секторларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Шетелдік әріптестер «Нұрлы жол», Индустриялық-инновациялық дамудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Инвесторлар, сондай-ақ, этанол өндірісі бойынша жобаға қатысуға, Қазақстанда басқа елдерге экспорттау арқылы ет өңдеу өндірісіне, жылумен қамту және өзге де бағыттардағы технологияларды енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

1/4
2/4
3/4
4/4