Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» қатысушыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады

05 желтоқсан 2017, 20:58
Фото: РrimeМinister.kz

Бүгін Астанада күннің екінші жартысында «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан аумағында өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отырған танымал инвестициялық компаниялардың басшыларымен кездесулерін жалғастырды.

Олардың арасында Yildizlar SSS Holding компаниясының басқарма төрағасы Себахаттин Йылдыз, Pars Еram Group and GTS компанисының құрылтайшысы Алиакбар Занганех, Mitsubishi UFG компаниясының басқарушы директоры Кристофер Маркс, Kolon World Investment компаниясының президенті Шин Сан Хо, Yildirim Holding компаниясының басқарма төрағасы Роберт Йылдырым, «Марубени» корпорациясының ТМД елдері бойынша директоры Козунори Такедамен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында технологиялар мен инфрақұрылым, көлік және логистика саласында, сондай-ақ, Қазақстан экономикасының мұнай-газ, тау-кен және металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында инвестициялық ынтымақтастық орнату және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

1/2
2/2