Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР МСМ қысқы Олимпиада ойындарына дайындық туралы: Нәтижелер жақсы — барлық сынамалар теріс

07 желтоқсан 2017, 16:39
Фото: РrimeМinister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ҚР МСМ XXIII қысқы Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық спортшылармен допингке қатысты даулар туындамауы үшін жұмыстар атқарып жатқанын айтты.

С. Мұсайбеков 1992 жылы Қазақстан бірауыздан Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) хартиясын қабылдағанын еске салды. Осы хартияға сәйкес, қазақстандық спортшылар ХОК-тың допингке қарсы ережелерін бұзбайды. Сондай-ақ, 2009 жылы ҚР Парламенті ратификациялаған, допингке қарсы күрес туралы конвенция қабылданды.

«Осы конвенцияға сәйкес, біз допингке қарсы күресуіміз керек. Біздің басты мақсатымыз — «таза» спорт. Қазіргі таңда Олимпиадаға лицензия үшін күресіп жатқан тек «таза» спортшылар», — деді вице-министр.

Ол сондай-ақ биыл біздің спортшылар бірнеше рет допингтік сынақтардан өткенін, олар Дрезденнің (Германия) ғылыми зертханаларына жіберілгенін айтты. Онда олар бірнеше рет тексерілді.

«Нәтижелер жақсы: барлық сынамалар теріс. Олимпиада ойындарының басталуына екі ай қалды. Осы уақытқа дейін спортшылар допингтік тексеруден тағы бір рет өтеді», — деп түйіндеді спортшы.

1/1