Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

11 желтоқсан 2017, 18:30
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер»  тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру тетіктерін жетілдіру және ипотекалық несиелендіруге ынталандыру шараларын кеңейту мәселелері талқыланды.  

Анықтама: «Нұрлы жер» бағдарламасы елімізде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуда.

2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша барлығы 10,1 млн шаршы метр немесе 99 мыңға жуық тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен — 22 545 пәтер немесе шамамен 1,5 млн шаршы метр.

Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жылдық жоспары 87,1%-ға орындалған (8,8 млн шаршы метр немесе 77 мың тұрғын үй пайдалануға берілген).

Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы саласында тұрақты өсу қарқыны байқалуда.

Барлығы республика бойынша 76 743 тұрғын үй, соның ішінде: 24 075 ЖТҚ (3,7 млн шаршы метр) және КПТК-де 56 668 тұрғын үй (5,1 млн шаршы метр) пайдалануға берілген.  

Барлық көздерден тұрғын үй құрылысына 744,8 млрд теңге инвестиция салынған, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,9% жоғары, оның 120 млрд теңгесі – мемлекеттік инвестициялар.