Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес құрылымдардың өкілдеріне марапаттарын табыс етті

15 желтоқсан 2017, 17:27
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес құрылымдардың өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.

Премьер-Министр алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде еліміз ұзақ жолды артқа тастады. Қазақстан ауқымды экономикалық және әлеуметтік міндеттерін табысты шешіп, әлемдік қауымдастыққа тең құқылы серіктес ретінде кірді», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанның игілігі үшін адал еңбек етіп жүрген нағыз кәсіби мамандар болмаса, қол жеткізген барлық жетістіктерге жету қиын болар еді.

«Бүгін мен Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының, халқымыздың алдындағы Сіздердің еңбектеріңізді мойындаудың дәлелі ретінде, Елбасымыздың атынан мемлекеттік наградаларды өздеріңізге табыстағалы тұрмын», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев марапаттау рәсімі барысында ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке, «Парасат» орденін — ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаровқа, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярға, «Құрмет» орденін — ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары Рауан Тілеулинге, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымоваға, «Verny Investments Holding» ЖШС бас директоры Ерлан Оспановқа, «Verny Investments Holding» ЖШС қаржы директоры Федор Попандопулоға, ҚР қаржы министрлігінің Ішкі аудит комитетінің төрағасы Аниятолла Сәрсеновқа, «Алмас» РМК директорының орынбасары Анатолий Слободянюкқа табыстады.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бірқатар қызметкері «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен» және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хатымен» марапатталды.

1/4
Ержан Бабақұмаров
2/4
Роман Скляр
3/4
Абылай Мырзахметов
4/4