Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2025 жылға қарай еліміздің ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8% құрайды — А. Мұхамедиұлы

25 қаңтар 2018, 13:10

Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен Жолдаудың «Тиімді мемлекеттік басқару» 8-ші бағыты аясында туризмді дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып берді.

Министрдің айтуынша, туризмнің алдында өр мақсат қойылған — ЖІӨ-дегі сала үлесін 2016 жылғы 1%-дан 2025 жылға қарай 8%-ға дейін арттыру. Алға қойылған міндетке жету үшін 2017 жылы біраз жұмыс бағытталды.

«2017 жылы Қазақстанның даму тарихындағы жаңа кезең болды. Мемлекет басшысының жеке қатысуы және «Экспо-2017»-ні табысты өткізудің арқасында әлем Қазақстанды Батыс және Шығыс мәдениетінің қиылысқан жерінде орналасқан жаңа туристік дестинация ретінде таныды. Тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет Қазақстан әлемдік туризм картасында айқын кескінге ие болды», — деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Біріншіден, Туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасы қабылданды, онда кластерлік қағида туризмді еліміздің қазіргі экономика саласына табысты трансформациялау үшін негізгі болып айқындалды. Туризмді дамыту тарихында алғаш рет өңірлер мен мәдениет және спорт министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Екіншіден, қазақстандық туризмді дамыту тарихында алғаш рет дамыған мемлекеттердің ең үздік тәжірибесі бойынша мемлекеттік деңгейде туризмді басқару жөніндегі кеңсе құрылды – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы атынан «Destination management office».

Үшіншіден, былайша айтқанда «post-Экспо» кезеңінде туризмді дамыту үшін іргетас қаланды. Астана мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамытудың бағдарламалық құжаттары қабылданды.

Төртіншіден, визалық-көші-қон режимі саласында маңызды жылжулар болды. Бірегей визасыз режим енгізіліп, ол 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды — Алматы мен Астана қалалары арқылы өтетін ҚХР азаматтары үшін 72-сағаттық транзит. Таяу уақытта осындай режимді Үндістан үшін де енгізу жоспарланып отыр.

Бесіншіден, Үкімет туризмді ұлттық экономиканы әртараптандырудың алтыншы қозғаушы күші ретінде «Олимпиада трассасына» енгізді.

Алтыншыдан, туризмді ұлттық, сондай-ақ шетелдік туристерді тартуға қабілетті Қазақстанның толыққанды бәсекеге қабілетті саласына экономикалық трансформациялау мақсатында заңнамалық өзгерістер үдерісі басталды.

Жетіншіден, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ішкі туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, 2017 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ішкі туризммен келушілер саны 25% артып, 3,5 млн адамды құрады.

Туристік саланың табысты дамуы үшін биыл туристік саланы басқаруға ЭЫДҰ халықаралық стандарттарын енгізу жоспарланған.  

«Сондай-ақ келетін туристердің ағымын арттыру үшін электронды визаны енгізу; “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру арқылы ішкі туризмді дамытуды ынталандыруды жалғастыру; саланы дамытуға халықаралық стандарттарды енгізу арқылы барлық орналастыру орындарында туристік қызметтер ұсыну сапасын жақсарту;  ішкі және елге келушілер туризмін дамыту үшін ауқымды ақпараттық науқанды іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан өзге, әлемдегі ең үздік туристік климат қалыптастыру біз үшін аса маңызды», — деп қорытындылады министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

1/3
2/3
3/3