Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жаңа вице-министр және Инвестициялар комитетінің төрағасы тағайындалды

31 қаңтар 2018, 18:43

ҚР Үкіметінің қаулысымен Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды, Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметіне Ерлан Қартайұлы Қайыров тағайындалды.

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002–2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы — КИМЭП, 2012 жылы — Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Арыстан Кабикенов

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001–2004 жылдары «ТАТ-2001» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 2004–2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006–2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008–2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2011–2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015–2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшы орынбасары болған.

2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР-ның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

 


 

Ерлан Қайыров 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — халықаралық экономикалық қатынастар.

Ерлан Хаиров

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. 1997–2002 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарды атқарған. 2002–2006 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2006–2011 жылдары ұлттық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарған. 2011–2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде басқарушылық қызметтерді атқарған. 2014–2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы болған. 

2016 жылдың мамыр айынан қазіргі таңға дейін инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған.