Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

12 сәуір 2018, 17:57
Астана
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірлердің экономикасын дамыту бойынша 2018 жылға арналған мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері жөнінде селекторлық режимде жұмыс кеңесін өткізді

Кеңес барысында Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметовтың, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошановтың және Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовтың баяндамаларында айтылған ағымдағы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар мен 2018 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Отын-энергетика және агроөнеркәсіп кешендерін, көлік-логистика саласын, туризмді, сауданы дамытудың негізгі бағыттары, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жаңғырту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін индустрияландыру, бизнес жүргізу және экономиканы қайта реттеу жағдайларын жақсарту, жаппай кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту, инвестициялар тарту және технологиялық қайта жарақтандыру, Индустрия 4.0 мәселелері қаралды.

Кеңес барысында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, қаржы министрі Б. Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы сөз сөйледі.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз