Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада Германия мен Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды

14 сәуір 2018, 10:52
Астана

2018 жылғы 13 сәуірде ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Қазақстандағы ГФР Елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті.

Кездесу барысында сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Вице-министр А. Қабыкенов Германия Қазақстанның стратегиялық әріптестерінің және ірі инвесторларының бірі екенін айтты. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымның оң қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, өзара мүдделі салаларда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

Өз кезегінде Елші Р. Мафаэль Қазақстанда инвестициялық ахуалдың жақсарғанын және германдық бизнес қауымдастық Қазақстан экономикасына инвестиция салуды әрі қарай жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар, кездесу аясында тараптар биылғы жылы Қазақстан және Германия жерлерінде жоспарланған ірі іс-шараларды талқылады, және Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық жұмыс тобының 12-отырысын және бизнес-форумды өткізуге келісті.

Кездесу соңында тараптар өрбіген сұхбат үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдде танытатынын айтты.

Астанада Германия мен Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
1/4
Астанада Германия мен Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
2/4
Астанада Германия мен Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
3/4
Астанада Германия мен Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
4/4