Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

09 мамыр 2018, 17:06
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында Астана қаласында «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүл тізбегін» және гүл себеттерін қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин және ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Парламентінің депутаттары және басқа да мемлекеттік қайраткерлер қатысты.

Рәсім қатысушылары, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және елорда жұртшылығы соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
1/3
Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
2/3
Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
3/3