Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу өңірлік экономиканы дамытуға жол ашады — Р. Дәленов

15 мамыр 2018, 15:40
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов пен Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті төрағасының орынбасары Айгүл Байғожина төртінші деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізудің мақсаты мен артықшылықтары туралы айтып берді.

Руслан Дәленовтың айтуынша, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың 1062 бюджеті құрылды. Сондай-ақ, вице-министр елді мекендердің бюджеттің төртінші деңгейіне көшуінің мәнін түсіндіріп берді.

«Бұған дейін де ауылдардың әкімдері болды, бірақ оларға тауарлар мен қызметтер ауданнан сатып алынды. Ол өзі ештеңе сатып ала алмады. Бүгінде оларға бюджеттік дербестік берілді. Яғни, әкімдік қоғамдық кеңеспен бірлесіп өз ақшаларын қажеттіліктеріне жұмсайды. Әрине, ол қаражаттарды ауылды дамытуға жұмсайды, өз ауылында тауарлар мен қызметтерді сатып ала алады. Бұл реформаның бірінші кезеңі. Ең алдымен, бұл өңірлік экономиканы дамытады», — деді Руслан Дәленов.

Бұдан өзге, вице-министр мұндағы ең маңыздысы — жергілікті салықтар сол ауылдың өзінде қалатынында екенін атап өтті.

«Егер әкім бюджетті ұлғайтқысы келсе, ол өз ауылында шағын бизнесті дамытуға мүдделі болады. Бұл өте маңызды. Оның бойында дамуға деген ынта, жауапкершілік пайда болып, экономиканың қай бөлігіне жауап беретінін түсінетін болады», — деді Р. Дәленов.

Айгүл Байғожинаның айтуынша, аталған жаңашылдықтың негізгі мақсаты — жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саясатын енгізу болады.

«Бюджеттің төртінші деңгейін енгізудің арқасында біз халықтың, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің және билік органдардың өзара әрекеттесу жүйесін реттейміз, халықтың өмір сүру деңгейін көтереміз. Халық елді мекендердің, ауылдардың, округтердің проблемаларын өздері шеше алатын болады. Өңірлердің және жалпы мемлекеттің саяси тұрақтылығы дамиды», — деді А. Байғожина.

Қазынашылық департаментінің төрағасы орынбасарының айтуынша, 2018 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 27 млрд теңге түсті, соның ішінде 5 млрд теңге — салық түсімі, 3 млрд теңге — өткен жылғы ЖӨБ шоттарындағы қалдықтар, олар да жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне аударылған. Бүгінде өзін-өзі басқаруға беретін 5 млрд теңге шамасында қалдық ақша бар.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу өңірлік экономиканы дамытуға жол ашады — Р. Дәленов
1/5
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу өңірлік экономиканы дамытуға жол ашады — Р. Дәленов
2/5
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу өңірлік экономиканы дамытуға жол ашады — Р. Дәленов
3/5
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу өңірлік экономиканы дамытуға жол ашады — Р. Дәленов
4/5
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу өңірлік экономиканы дамытуға жол ашады — Р. Дәленов
5/5