Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Әлемдік ғылыми қауымдастық қазақстандық өнертапқыштың «Экспо-2017»-де көрсетілген жобасына қызығушылық танытты 

13 қазан 2017, 13:15
Фото: PrimeMinister.kz

Қарағандылық ғалым Александр Борисенконың «Экспо-2017» көрмесінде ұсынған жобасы шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырды және бүгінде ол Германияның өнеркәсіп нысандарында қолданылғалы жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР энергия тиімділігі және ресурстарды үнемдеу қоғамдық палатасының басқарма төрағасы Елдос Абақанов айтып берді.

Жалпы, Елдос Абақановтың айтуынша, «Халықаралық Экспо-2017 көрмесі» экология, экономика және халықты жұмыспен қамтуда маңызды әлемдік мағынаға ие қазақстандық ғалымдар мен өнертапқыштардың біраз жасыл инновацияларын ашты.

«Онлайн Экспо-2017» республикалық байқауының жеңімпаздарының бірі қарағандылық өнертапқыш, химия ғылымдарының докторы Александр Борисенконың жобасы болды. Ол жылу мен энергия ала отырып, атмосфераға зиянды шығарындыларсыз өртеу әдісімен қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша кешенді ойлап тапты.

Келешекте инновация СО2  көмуден бас тартуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, диоксиндер мен басқа да зиянды шығарындылардың пайда болуынсыз кез келген улағыш және қауіпті қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтар мен тұрақты органикалық ластаушыларды өртеу мүмкін болмақ. Жоба «Экспо-2017» көрмесінде Қазақстанның павильонында орналастырылды.

«Бүгінде Александр Борисенко неміс компанияларымен белсенді ынтымақтастық орнатты және әзірлемені Германияның өнеркәсіптік кәсіпорындарында енгізуге дайындалуда», — деп толықтырды Елдос Абақанов.

Анықтама:

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін инновациялық жобаларды анықтау және тираждау бойынша «Онлайн Экспо-2017» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 600-ден астам өтінім берілді, Топ-50 технология әзірленді, ал соңында бес инновация «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетілді.

1/2
2/2