Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Әлеуетті инвесторлар өңірді инвестициялаудың тиімді жақтары туралы білуі керек — CNBC инвестициялық форумның маңыздылығы туралы

07 желтоқсан 2017, 13:54

5 желтоқсанда өткен Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында пленарлық сессияда модератор болған CNBC телеарнасындағы «Street signs» бағдарламасының тең авторы, жетекші журналист Ориэл Моррисон РrimeМinister.kz тілшісіне берген сұхбатында осы форум секілді шараларды өткізудің маңыздылығы туралы айтып берді.

Ориэл Моррисонның айтуынша, Астанадағы Kazakhstan Global Investment Roundtable инвестициялық форумы секілді шаралардың халықаралық бизнес қауымдастық үшін маңызы жоғары.

«Қазақстан мен басқа өңірлерде инвестициялардың қай салаға негізделгені туралы, елдің инвестициялық мүмкіндіктерін ашу үшін не істелініп жатқаны және осы инвестициялық мүмкіндіктерді дамытуға қандай кедергілер бар екендігі жайында пікірталастар жүргізілді. Әлеуетті инвесторлар өңірге инвестиция салудың оң және теріс жақтарын білуі үшін, инвестициялық қауымдастыққа арналған осындай пікірталастар өткізіп тұру керек», — деді Ориэл Моррисон.

Сонымен қатар CNBC өкілі өзіне Қазақстанда қызығушылық тудырған сұрақтарды қойды. Бұл — Үшінші жаңғыру барысы, оның бизнеске әсері және кәсіпкерлердің келешекте одан не күтетіні туралы мәселелер.

«Қазақстанда болу CNBC арнасына да, маған да үлкен мәртебе», — деді Ориэл Моррисон.