Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада Қазақстан Президенті туралы кітаптың тұсаукесері өтті

04 шілде 2017, 18:54
Фото: primeminister.kz

Бүгін Астанада ресейлік жазушы-құжатшы әрі тарихшы Николай Зеньковичтің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» еңбегі таныстырылды. Жаңа басылымның бұған дейінгі кітаптардан айырмашылығы – ол мектеп жасындағы үлкен балаларға арналған.

Кітап тұсаукесеріне Бас редакторлар клубының өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, жастардың жетекші ұйымдарының өкілдері, НЗМ мен «Білім-Инновация» лицейлерінің мұғалімдері қатысты.  

Шара модераторы «Хабар» агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары Ринат Кертаев «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» әзірге ең жас оқырмандар – орта мектептердің оқушыларына арналған жалғыз кітап екенін атап өтті. Сондай-ақ, кітап жоғары сынып оқушылары мен КТУ білім алушыларына арналған оқулыққа айналады.

Кітап авторы – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси көшбасшылар мен тарихты өзгертуге үлес қосқан өзге де біртуар тарихи тұлғалар туралы 30-дан астам кітап жазған. Оның кітаптары әлемнің 14 тіліне аударылған.

Автор тұсаукесер барысында кітапты жазудың негізгі идеясы, сюжеттік желіге арқау болған Мемлекет басшысының өмірінің маңызды сәттері туралы айтып берді. Н. Зенькович бірнеше ондаған жылдар бойы Қазақстан Президентінің өмірін зерттеумен айналысып жүргенін айтты.

«Менің бойымда Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қызығушылық 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларынан кейін пайда болды. Ол кезде мен оқиға аяқталғаннан кейін жағдайды анықтауға келген КОКП ОК бригадасында болдым. Нұрсұлтан Әбішұлы КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болды. Сол сәтте мен оның әрекеттерін, табандылығын, даналығын, оның орын алған жағдайды қолына ала білуі мен оқиғаны басқара алуын көрдім. Мен дәл осы уақыттан бастап, мүмкіндігінше ол кісінің жеткен жетістіктерін бақылап, әлемге танымал тұлғаға дейін қалай өскенін қадағалап жүрдім. Мен көптеген елдерді араладым, барлық жерде ол кісіні бәрі біледі. Мен ешқашан, еш жерде Қазақстан Президентіне нашар баға берген адамды кезіктірмедім», - деді Н. Зенькович.

Айта кету керек, бір жыл бұрын Қазақстанның 25 жылдығына орай Н. Зеньковичтің «Имя, ставшее эпохой» атты Қазақстан Президенті туралы алғашқы кітабы жарық көрген болатын. Автордың айтуынша, бұл Н. Назарбаевтың өмірбаянымен жаңадан танысу. Егер алғашқы кітапта Ұлт көшбасшысының ерекшеліктерін зерттеуге басымдық берілсе, ал екіншісінде Елбасының өз мақсатына қалай қол жеткізгені туралы басымырақ жазылған.  

«Екінші кітапты балаларға арнадым. Оңай тілмен, балаларға ыңғайлап жазуға тырыстым. Мен балаларға осы кітап арқылы төсекте жатып ешқашан ұлы тұлғаға айнала алмайтындарын түсіндіргім келді. Барлық қиындықтардан өтіп, Отанға, халыққа еңбек ету керектігін жеткізгім келді», - деді автор.

Кітап бірден екі тілде жарық көрді. Оны қазақ тіліне Қазақстанның дарынды жазушысы Қайнар Олжай аударды. Кітап екі бөлімнен тұрады, «Үшқоңырдан шыққан ұлан» атты бірінші бөлімінде Президенттің балалық шағы, үлкен өмірлік жолы туралы жазылған. «Мәртебелі Президент» деп аталатын екінші бөлімінде оның әлемді өзгерткен, жақсы және ізгі еткен жер жүзіндегі айтулы тұлғалардың қатарына қалай қосылғаны туралы айтылған.

1/8
Кітап авторы Николай Зенькович Н. Назарбаевқа деген қызығушылық 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларынан кейін, ол кісімен кездескен соң пайда болғанын айтты
2/8
Басылым жоғарғы сынып оқушыларына арналған дайын оқу құралы
3/8
Кітапты қазақ тіліне Қазақстанның дарынды жазушысы Қайнар Олжай аударды
4/8
Кітапқа танымал қоғам қайраткерлері, жастардың жетекші ұйымдарының өкілдері, НЗМ мен «Білім-Инновация» лицейлерінің мұғалімдері қызығушылық танытты
5/8
Н. Зенькович көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси көшбасшылар мен тарихты өзгертуге үлес қосқан өзге де біртуар тарихи тұлғалар туралы 30-дан астам кітап жазған
6/8
Журналистер автордың осындай салмақты еңбекті жазу кезіндегі шығармашылық жұмыстары туралы сұрап-білді
7/8
Кітап тұсаукесері Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін қалыптастыруға қосқан үлесі туралы тақырыпты қозғауға себеп болды
8/8
Шара қолтаңба қоюмен аяқталды, әркім автор мен аудармашының қолы қойылған кітапты алуға тырысты