Бақытжан Сағынтаев Астанада стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді 

15 шілде 2017, 16:11
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында Астанада стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында ІТ-саласын және ІТ-технопаркін дамыту мәселелері талқыланды.