Бақытжан Сағынтаев Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді

20 қыркүйек 2017, 18:00
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Бұдан өзге, бірқатар екіжақты жобаларды іске асыру нәтижелері және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша жоспарлар талқыланды.

Анықтама:

Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 130-дан астам кәсіпорын жұмыс жасайды, олардың ішінде: «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» және басқалары бар. Биылғы жылдың 7 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,97 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе артық.