Бақытжан Сағынтаев индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

14 шілде 2017, 12:50

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Кеңес барысында Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру бойынша жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге егжей-тегжейлі жоспар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев құзыретті мемлекеттік органдарға Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сөзсіз іске асыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.