Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында кездесулер өткізді

04 желтоқсан 2017, 17:30
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Астанада 5 желтоқсанда басталатын «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Cathay Industrial Biotech компаниясының президенті Лю Шикаймен, Areva Mines компаниясының басқарушы директоры Жак Питьемен және CNBC арнасында «STREET SIGNS» бағдарламасын бірлесіп жазған автор Ориэл Моррисонмен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында ынтымақтастықты одан әрі нығайту және индустрияландыру және атом өнеркәсібі саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: Cathay Industrial Biotech компаниясы 1997 жылы құрылған. Қазақстанда компания биохимиялық кластер құру және модификацияланған талшықтарды толық көлемде өндіруді ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Жобаны жүзеге асыруға қажетті барлық бес өндірістік цикл жүзеге асқан жағдайда, инвестиция көлемі шамамен $10 млрд құрайды және 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік болады.

Areva компаниясы — Франциядағы атом өнеркәсібі көшбасшыларының бірі, француздың ірі өндірістік компаниясы. 2016 жылдың жазына дейін ядролық энергия өндіруге қатысты барлық қызмет түріне қатысқан жалғыз батыс компаниясы. Ол, сондай-ақ, баламалы көздерден электр энергиясын өндіруге арналған жабдықты әзірлеумен және оны шығарумен айналысқан.

Ориэл Моррисон — Австралияның ең табысты бизнес журналистерінің бірі, бизнес және қаржы жаңалықтарын жүргізуден он жылға жуық тәжірибесі бар.

1/2
2/2