Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

14 шілде 2017, 16:35
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы аясында мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында интеллектуалды көлік жүйесін құру, геологиялық барлаудың интерактивті ұлттық деректер базасын енгізу, тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың электронды деректер базасын құру, виртуалды музейлер желісін жүргізу және кітапхана қорын цифрландыру, сонымен қатар заңнама жүйесін цифрландыру, соның ішінде сот сараптамасын автоматтандыру мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік органдардың цифрлық форматқа ауысу тәсілдері туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов және ҚР әділет министрі М. Бекетаев баяндады.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.