Бақытжан Сағынтаев: экономикалық өсімнің белгіленген динамикасын сақтау қажет

16 мамыр 2017, 11:11
Фото: primeminister.kz

2017 жылдың 4 айының ішіндегі экономикалық өсім қарқыны туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешу шараларын іске асыруды жалғастыруды тапсырды.

Биылғы жылдың алғашқы 4 айының қорытындысы бойынша экономиканың негізгі салаларында өсімнің үдеуі байқалған. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы ЖІӨ өсімі 3,7%-ды құраған. 

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне өңдеу өнеркәсібіндегі жағдайға ерекше назар аударуды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Маминге аталған жұмысты үйлестіру тапсырылды.