Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

28 желтоқсан 2016, 18:41
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігінің ұжымына жаңа министр - Тимур Сүлейменовты таныстырды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды», – деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен министр қызметінен босатылды. 

Премьер-Министр Қ. Бишімбаевқа бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Б. Сағынтаев Т. Сүлейменовтың кәсіби тәжірибесін ескере отырып, оның басшылық етуімен министрліктің Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді атқаруын жалғастыратынына сенім білдірді. 

1/1