Бақытжан Сағынтаев Ақтөбедегі МЖӘ аясында салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарын тексерді

30 наурыз 2017, 16:23
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек стансасына, сонымен қоса «Көз Жарығы» офтальмологиялық ауруханасына барды.

Стансаны аралау барысында ҚР Премьер-Министріне мекеменің оқиға болған жерде және оған барар жолда тұрғындардың өміріне қауіп төнген жағдайда тәулік бойы тегін шұғыл әрі жедел медициналық көмек көрсетумен айналысатыны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар құрылыстың ағымдағы жағдайы туралы хабарланды.

Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев «Көз Жарығы» офтальмологиялық ауруханасына барды, онда оған медициналық офтальмологиялық оңалту орталығының құрылымы, стратегиясы және маңызы туралы баяндалды. 

Аурухана биыл қараша айында ашылады деп жоспарланған. Емдеу мекемесінің стационары 60 төсек-орынға шақталған, емханасы тәулігіне 250 адамды қабылдайды. Аталған жобаға инвесторлардың салымы 3 млрд теңгеден асады. Пайдалануға берілгеннен кейін медициналық мекеме еліміздің батыс өңіріндегі балалар мен ересектерге жоғары мамандандырылған амбулаториялық және стационарлық офтальмологиялық көмек көрсетумен айналысады.

Айта кету керек, ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында елімізде денсаулық сақтаудың заманауи жүйесін қалыптастыру бойынша көлемді жұмыстар жүргізуде, онда адам капиталының сапалы дамуы экономикалық өсімнің негізгі шарты ретінде көрсетілген. Осы орайда елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларын сәтті енгізу мен дамыту ерекше маңызға ие болуда.

1/6
2/6
3/6
4/6
5/6
6/6