Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

18 мамыр 2017, 19:25
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында салық саясатын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі аспектілері бойынша, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және банк секторын тұрақтандыру бойынша сарапшылардың ұсыныстары талқыланды.

Отырыс барысында «Стратегиялық бастамалар орталығының» аға серіктесі О. Құдайбергенов салық саясаты бойынша өз пайымын ұсынды. Талқылауда «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Ракурс» Экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Е. Досаев, «Салық төлеушілер қауымдастығы» басқарушы кеңесінің төрағасы Ж. Ертілесова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық проблемаларды талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы С. Мәдиев сөз сөйледі.