Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

18 наурыз 2017, 12:53
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар саласын жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес барысында орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша сатып алулардың бірыңғай жүйесін құру мәселелері талқыланып, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысындағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында айтылған ұсыныстар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі Б. Сағынтаев отандық мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.