Бақытжан Сағынтаев Катардың қаржы ортасының өкілдерімен кездесу өткізді

15 наурыз 2017, 11:40
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Катардың Орталық банкінің төрағасы шейх Абдулла Бин Сауд Аль-Тани бастаған Катардың қаржы ортасының өкілдерімен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының Катардың «Masraf Al Rayan» банкі, қаржы орталығы және инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.