Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

22 қараша 2017, 18:40
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кездесу барысында «Экспо-2017» нысандары базасында Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркінің қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, «электронды үкіметті» дамыту шаралары, соның ішінде, электронды форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтер тізімін кеңейту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру тетіктері қаралды.