Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының елшісі Невзат Уяныкпен кездесті

18 наурыз 2017, 15:02
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының елшісі Невзат Уяныкпен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, бірлескен индустриялық аймақтарды құру, сонымен қатар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне түрік инвестицияларын тарту мәселелері талқыланды.