Бақытжан Сағынтаев «Ernst & Young» компаниясының өкілдерімен кездесті

20 сәуір 2017, 17:07
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Ernst & Young» халықаралық консалтингтік компаниясының өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері жөнінде кездесу өткізді. 

Кездесу барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы заңнамаларды жетілдіру, сондай-ақ ірі шетелдік инвесторларды тарта отырып, МЖӘ тетіктері арқылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама:

«Ernst & Young» - 1989 жылы негізі қаланған ірі британдық аудиторлық-консалтингтік компаниялардың бірі. Инвестициялық өсімнің бес құраушысының барлығы бойынша (билік институттары, халық, капитал, инфрақұрылым, макроэкономика) кеңес беруден мол тәжірибеге ие.