Бақытжан Сағынтаев қорғаныс және ішкі істер министрлерінің Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты есептерін тыңдады

17 ақпан 2017, 20:18
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қорғаныс министрі С. Жасұзақов пен ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты есептерін тыңдады.

Министр С. Жасұзақов оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты қабылданған шаралар туралы есеп берді. Уәкілетті орган сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады. Әскери бөлімде Тараз гарнизонының қызметкерлері жұмыс істеуде.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды.

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды.

Тексеру барысын ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев өзінің жеке бақылауына алды.