Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №20

13 ақпан 2017, 10:04

2017 жылғы 6-11 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада Ақордада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев технологиялық жаңғырту мәселелеріне қатысты кеңес өткізді. Шараға Премьер-Министр Б. Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, Үкімет мүшелері, Астана қ. әкімі, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, сонымен қатар еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кеңес қатысушылары Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын жүргізу бойынша шараларды талқылады.

Сейсенбі күні Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспары мен Үкіметтің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстар жоспары таныстырылып, бекітілді. Сондай-ақ, отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралды

Бұдан өзге, сейсенбі күні Б. Сағынтаев Назарбаев Университетіне барып, онда ЖОО-ның ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысты. Премьер-Министрдің профессор-оқытушылар құрамымен кездесуінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудағы оқу орнының рөлі талқыланды.

Сәрсенбі күні, 8 ақпанда, Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Алматыда «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралады. Онда қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен танысты. Үкімет басшысы жоғарғы технологиялық оқу-жаттығу орталығында, заманауи импорт алмастырушы телекоммуникациялық жабдық шығаратын компанияда болып қайтты. ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру тұрғысынан алғандағы технологиялық дамудың өзекті мәселелері ІТ-ұйымдардың өкілдерімен кеңес барысында талқыланды.

Сонымен қатар, Алматыға жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Б. Сағынтаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Үкімет басшысы жарыстардың маңыздылығы туралы айтып, ойындардың сәтті өткізілгені үшін барлығына алғыс білдірді, сонымен қатар ел Президенті Н.Ә. Назарбаевқа барынша қолдау білдіргені үшін ерекше ризашылығын білдірді. Бұдан өзге, Премьер-Министр Б. Сағынтаев Қазақстан құрамасын лайықты марапаттарымен құттықтап, Халықаралық спорт федерациясының жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылық жұмысын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, сәрсенбіде Премьер-Министр Б. Сағынтаев Қазақстан бойынша миссия басшысы М. Хортонның жетекшілік етуімен Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесу өткізді.

Осы күні Премьер-Министр Б. Сағынтаев кедендік әкімшілендіруді жеңілдету және кәсіпкерлерді салықтық тексеруді қысқарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бейсенбіде, 9 ақпанда Премьер-Министр Б. Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және мемлекеттік сатып алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Сондай-ақ, бейсенбіде ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтті. ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов бастаған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында қолданылатын шаралар және еліміздің Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қолданылатын шаралар туралы айтып берді.

Осы күні Үкімет басшысы «McKinsey» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Жұма күні, 10 ақпанда, мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлованың Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Ол Министрлік адами капитал сапасын жақсарту бойынша өз әлеуетін бағыттауды жоспарлауда, бұл Жолдаудың маңызды басымдығы болып табылады. Бұдан өзге, А. Райымқұлова Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қорытындысы туралы айтып берді және журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Күннің екінші жартысында Премьер-Министр Б. Сағынтаев Орталық Азия және Ресей бойынша Басқарушы директоры Н. Ханженкова бастаған Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жұма күні Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.

Осы күні Үкімет басшысы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді, онда макроқаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз етудің шаралар кешенін әзірлеу тұрғысындағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері қаралды.

Сенбі, 11 ақпанда, Премьер-Министр Б. Сағынтаев 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері жөнінде Үкімет мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді.