Фоторепортаж. «Жаңғыру 3.0: Үкіметте жаңа индустрияларды дамыту мәселелері қалай шешіледі»

18 ақпан 2017, 13:42
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық технологияларды қолданумен құрылатын жаңа индустрияларды дамыту бойынша міндет қойды. Елбасы цифрлық индустрияны дамыту басқа да барлық салаларға серпін беретінін атап өтіп, Үкіметке аталған мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Өткен аптада аталған тапсырмаларды орындау мақсатында еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университет пен Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аралады.

Жұма күні, 17 ақпанда, Астанада отандық жетекші ІТ-компаниялар мен Қауымдастықтардың басшылары бас қосып, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевпен саланы дамыту перспективаларын талқылады.

ІТ-қоғамдастықтардың өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамытуға қатысты өз пайымдарын ұсынып, сондай-ақ экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру үшін жағдай жасау бойынша ұсыныстарын айтты.  

Мәлім болғандай, бүгінде ІТ-мамандарды тауарларды, жұмыс пен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, ІТ-стартаптардың инновациялық гранттарын бөлу, салық жеңілдіктері мен артықшылықтарын ұсыну, МЖӘ тетіктерін жетілдіру, электронды коммерцияны ынталандыру, отандық кадрларды даярлау мәселелері толғандырады.

Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығының Президенті Нұрлан Исин ІТ-шешімдердің сенімді отандық бағдарламалық өнімдерінің Ұлттық тізілімін құруды және оларды мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басымдықты пайдалануын қамтамасыз етуді ұсынды.

 

«Logycom» компаниясының басшысы Сергей Шваловтың пікірінше, қазақстандық өндірушілер үшін ақпараттандырудың сервистік үлгісі аса перспективалы болып табылады.

«ИТП» АКҚ бас директоры Санжар Кеттебеков салықтық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынысын айтты.

ІТ Менеджерлер Қоғамдастығының Басқарма Төрағасы Асқар Бишигаев.

Капитал тарту үшін тартымдылықты арттыру және интернет-компаниялардың салық жүктемесін жеңілдету бойынша бірқатар ұсыныстарды «Авиата» ЖШС Дамыту жөніндегі директоры Алексей Ли айтып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға компаниялар өкілдерінің айтқан ұсыныстары мен өзекті мәселелерді пысықтауды тапсырды.