Қазақстанда ұялы байланыс және интернет сапасы жақсарады

24 ақпан 2017, 13:23
Фото: primeminister.kz

2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда 200-ден астам радиожиілікті станция салынады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда интернетті дамыту бүгінгі таңда өте жоғары деңгейде. Барлық облыс орталықтарында дерлік 4G стандартты ұтқыр интернет жұмыс жасайды. Ал, 3G барлық елдерде бар деп айта алмаймыз. 

«Әрине, жетілдіруде шек жоқ. Жекелеген мәселелер туындайды. Біз осы мәселелермен тығыз айналысудамыз. Мысалға, қазір бүкіл Қазақстан бойынша радиожиілікті станциялар салып жатырмыз. Бұл цифрлық телерадио хабар таратуға көшуге мүмкіндік береді, ал бос қалған жиіліктерді ұялы байланыс операторларына береміз», –  деді Д. Абаев.

Осылайша, ұялы байланыс және ұтқыр интернет сапасы жақсаратынын министр сеніммен айтты. 

Бұдан өзге, ведомство басшысы бүгінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанында ұялы байланыс сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және оны уақытылы ретке келтіретін жедел топ жұмыс жасайтынын еске салып өтті. 

1/2
2/2