«ҚазАгро» аграрлық сектордағы жаңа технологияларды қаржыландырады

28 қыркүйек 2017, 14:15
Фото: PrimeMinister.kz

«ҚазАгро» АҚ Қазақстанда жаңа агротехнологияларды дамытуды қаржыландырумен белсендірек айналысады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова мәлімдеді.

Г. Атамқұлова атап өткендей, бүгінде «ҚазАгро» жаңа «жасыл» технологияларды ауыл шаруашылығына енгізуге белсене қатысады. Осылайша, 2013 жылдың өзінде жел генераторлары мен күн батареяларын қаржыландыру бойынша жеке бағдарлама қабылданды, ал алғашқы ЖЭК жобалары «Экспо-2017» қарсаңында көрсетілді.  

«Бұл жобалар «жасыл» технологиялардың орынды екенін көрсетіп, басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін демонстрациялық алаңдарға айналды», — деп түсіндірді Г. Атамқұлова.

«ҚазАгро» АҚ қаржыландырған барлық жобалардың ішінен Г. Атамқұлова тамшылатып суару жүйесін, мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын және Ақтөбе облысында Green House жылыжай қондырғысын салу сияқты инвестициялық жобаларды ерекше атап өтті, онда әлемнің бірнеше елінде ғана енгізілген жылыжай шаруашылығының бесінші буынының технологиялары пайдаланылады.

Г. Атамқұлова сондай-ақ бүгінде холдингке сүт өндірісі мен мал шаруашылығында толық циклді жобаларды қаржыландыруға өтінімдер келіп түсіп жатқанын айтты.  

«ҚазАгро қоржынында қаржыландырудың мұндай мысалдары бар. Жаңа жобаларды белсенді түрде қаржыландырамыз», — деп түйіндеді ол.

1/2
2/2