Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне қосылуға дайындық үстінде

16 ақпан 2017, 13:54

Биыл наурыз-сәуір айларында Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне қосылуы бойынша жұмыстар аяқталатын болады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.

Оның айтуынша, 2011 жылдан бастап ҚР Үкіметі ЭЫДҰ-мен бірлесіп елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты ауқымды жұмыстар атқарған. Көптеген заңдарға өзгерістер енгізілген, инвесторларға арналған жұмыс жеңілдетілген. Сондай-ақ, 55 елдің инвесторлары Қазақстанға визасыз келе алады.

Атқарылған еңбек Doing Вusiness рейтингісіндегі Қазақстан позициясын едәуір жақсартты.

«Инвестициялар жөніндегі комитеттің құрамына кіру – Қазақстанның инвестициялық ахуалының аталған ұйымның талаптарына сәйкес келуінің көрсеткіші», - деді С. Тұяқбаев.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің мүшелігінде болуы елімізге ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің алдыңғы қатарлы стандарттарын дәйекті түрде енгізуге мүмкіндік беретінін, сонымен қатар елдің инвестициялық мүмкіндіктеріне және рейтингісіне оң әсерін тигізетінін айтып өтті. Бұл іскерлік ортаның, бәсекелестіктің және инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жоғарғы деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Көптеген инвесторлар үшін ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің мойындауы әрі қарайғы ынтымақтастық үшін елді таңдау кезінде шешуші көрсеткіш болып табылады.

Еске сала кетейік, бірлескен жұмыстардың қорытындысы бойынша 2016 жылғы қазан айында ЭЫДҰ Инвестициялар комитеті Қазақстанды осы ұйымның қатысушысы ретінде шақырған болатын.

1/1
С. Тұяқбаев Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің құрамына кіруі аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.