Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

01 тамыз 2017, 09:30

Жұма күні, 28 шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды.

Сапардың басты мақсаты -  Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің іске асырылу барысымен танысу және түсіндіру.

Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапарының кестесіндегі басты шаралар облыс активімен және өңірлік бизнес қауымдастықтың өкілдерімен кездесу болды. Кездесулер барысында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту және «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.

Премьер-Министр Қарағанды облысына келген бойда «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорнына барды, онда нан пісіру өндірісінің инновациялық шешімдерімен және технологиялық ерекшеліктерімен танысты.

Металлургиялық кремний шығаратын «Tau-Ken Temir» ЖШС зауытында Бақытжан Сағынтаев технологиялық жаңғырту бойынша қолданылып жатқан шаралармен және кәсіпорынды дамыту перспективаларымен танысты.

ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында еліміздің жүйе құрушы өнеркәсіптік кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев бизнесмендерге сервистік және консультациялық қызметтер көрсетілетін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады.

Күннің екінші жартысында ҚР Премьер-Министрі «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын «Нәтиже» Сүт фабрикасы» ЖШС-ін, Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік нысандарын аралады, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту барысымен, «Қарағанды - Теміртау» автокөлік жолы аумағында «Нұрлы жол» аясында жүргілізіп жатқан «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізінің реконструкциялау жұмысымен танысты.

Қарағанды облысына жұмыс сапарының соңында Бақытжан Сағынтаев Теміртауда еліміздің моноқалаларын дамыту жөнінде жұмыс кеңесін өткізді