ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

03 қазан 2017, 09:10

Жұма күні, а. ж. 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды.

  • Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысу.
  • Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары кестесіндегі басты іс-шаралар туризмді, кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтуды дамыту, еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру мәселелері бойынша кеңес, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу болды.    
  • Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Яссы нан» нан зауытын, Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған «Отырар» шағын ауданын аралап көрді.
  • Шымкентте Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индустриалды аймағын аралап, «ЕуроКристалл» ЖШС, «Зерде Керамика» ЖШС зауыттарында өндірістік үдерістермен танысты.
  • Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев Шымкент МӨЗ-ін жаңғыртудың бірінші кезеңінің нәтижелерімен танысты.